«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 83 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22144 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 23-бабының 4 және 10-тармақтарына, 239-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін тіркеу мен сараптау қағидаларының 1-тармағының бірінші бөлігіне, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының 3-тармағына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 96 «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттардың айналымының ерекшеліктерін белгілеу жөніндегі уақытша шаралар туралы» шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттарға сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: