«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 Қаулысы (күші жойылды)

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 Қаулысы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;

5) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес;

6) «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес;

7) «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес;

8) «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес;

9) «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.