(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕ...

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы

(2022.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2018.31.07. № 717 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.12.07. № 697 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2016 жылғы 14 маусымдағы

№ 306 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитеті туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.29.11. № 1210 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын салаларда жүзеге асырады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.