«Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы (2023.28.12. берілген өзгерістермен)

Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы

(2023.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін білім алушыларды уақтылы анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.28.12. № 398 бұйрығымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 3 наурыздағы

№ 61 бұйрығына

қосымша

 

 

Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған.

2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.

3. Мектепішілік есепке алудың (бұдан әрі - МЕА) міндеттері:

1) жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға;

2) білім алушыны білім беру ортасының жағдайына бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға;

3) ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге;

4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.