«Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 548 бұйрығы

Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 548 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған»):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2) «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18071 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

1-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды арқылы автомобиль жолының Нұр-Сұлтан - Теміртау 1291 + 335 километр (бұдан әрі - км) - 1425 + 422 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.