«Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 тамыздағы № 517 бұйрығы

 «Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 тамыздағы № 517 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерде (бұдан әрі - Ерекшеліктер):

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Эксперимент Астана, Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және Ақтөбе, Алматы және Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында іске асырылады.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты өзге электрондық құжатты толтыруды электрондық сауда операторы мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізеді:

1) тауарлар туралы мәліметтер тізілімінің тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:

1-элемент - кеден органының коды;

2-элемент - ХПЖ тізілімін тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.