«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 8-НҚ нормативтік қаулысы

 «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 8-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Есеп комитетінің сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тиімділік, сәйкестік мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану рәсімі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы тұрғысынан мынадай:

1) Аудит бағдарламасында көзделген қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелерді (қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелердің отыз пайызынан астамын) қамтудың және ашудың толықтығы;

2) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;

3) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.