Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 - 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 7/1 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 - 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 - 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 409 106 135,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 51 687 788 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 767 584,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 910 мың тенге;
трансферттер түсімі - 353 643 852,7 мың теңге;
2) шығындар - 399 013 546,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 607 679,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 32 364 078,6 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 756 399,3 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 7 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 7 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -15 015 090,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 15 015 090,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 22 561 167,8 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 21 095 484 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 13 549 406,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 қазандағы