Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын республикалық маңызы бар
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 1389 қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын қайта жаңа арналған бюджет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 35 км қашықтық республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" автомобиль жолының құрамына енгiзiлсiн.