Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 303/НҚ бұйрығы
(2025.21.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығымен бекітілген Агенттік Регламентінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агенттіктің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025.06.03. № 58/НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментіне Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмыс жоспары іс-шараларының орындалуы туралы есеп жіберсін.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025.06.03. № 58/НҚ бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті 2026 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өткен жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қалыптастырсын және Төрағаға қарауға ұсынсын.
4. Жоспардың іс-шараларын іске асыру мерзімдерінің сақталуын бақылау Әкімшілік-қаржы департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | М. Омаров |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м. а. 2025.21.07. № 161/НҚ бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 303/НҚ бұйрығына
қосымша