«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (күші жойылды)

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қарашада жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) жеке оқу жоспары - Үлгілік оқу жоспары негізінде оның жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиеші және/немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары құрастырған оқу жоспары;

16) жеке оқу бағдарламасы - Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оның жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиеші және/немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары құрастырған оқу бағдарламасы;

17) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар-денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы және уақытша қиындық көріп жүрген арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін балалар.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.