«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 425 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 425 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

44, 44-1, 45, 46-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміне ағымдағы жылдың алдындағы, сондай-ақ ағымдағы жылды қоса алғанда соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік инвестициялар қаржыландыру көзі болып табылатын объектілер бойынша мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:

1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады. Бұл ретте, қазынашылық ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда мұндай мәліметтер осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген талаптарға сәйкес қаралады;

2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы «Расталған» мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде айқындалады;

3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.