«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы (2025.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы

(2025.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.30.06. № 231 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 198 бұйрығымен (2025 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.30.06. № 198 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.30.06. № 231 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 198 бұйрығымен (2025 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.