«Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 779 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесіндегі:
«Сүт қоректілер» бөлімі 35 – тармақпен толықтырылып келесі мазмұнда жазылсын:
«Қасқыр».