ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 42 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
12-қосымша
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.13.09. № 160 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.07.02. № 26 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.09. № 160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.13.09. № 160 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.13.09. № 160 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)