Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 31 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 84 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3995 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 31 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№84 шешіміне қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар
тізбесі