«Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 270 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 270 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11021 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 98 (28576) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін I санаттағы объектілер бойынша жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасына қолданылмайды.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі»;

8-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған материалдар электрондық түрде ұсынылады және мыналарды қамтиды:

1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

2) қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы болған жағдайда мынадай құрамда:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге межеленіп отырған қызметтің жобаалды немесе жобалау құжаттамасы;

Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.