Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 165-Ө бұйрығы
(2025.09.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар осы бұйрықтын 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нысанбаев |