(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУ ТҰТЫНУДЫҢ ЖӘНЕ СУ БҰРУДЫҢ ҮЛЕСТІК НОРМАЛАРЫН ӘЗІ...

Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме бекiтілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Т. Сүлейменов

2017 жылғы 26 қаңтар

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

2017 жылғы 19 қаңтар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.