«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 5 наурыздағы № 470-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 162-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 7 268 407 231 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 3 189 806 996 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 159 104 528 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 16 383 224 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 903 112 483 мың теңге;

2) шығындар - 7 920 789 229 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 112 155 814 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 205 246 481 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 93 090 667 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 138 148 303 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 140 798 303 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 650 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 902 686 115 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,0 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 902 686 115 мың теңге.

2-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 38 090 438 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 472 520 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;

2) 8, 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендіру бойынша сынақтан өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 1 - 11-сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 914 330 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.

9-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 880 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

10-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 807 500 000 мың теңге сомасында көзделсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

3) 15-бапта:

мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;

6-2) кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;»;

«7-1) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге;

7-2) жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуді қамтамасыз етуге;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;»;

мынадай мазмұндағы 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«29-1) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын штат санын ұстауға;

29-2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;»;

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;»;

4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

«16-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына аудару үшін 20 900 000 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.»;

5) 20-бап алып тасталсын;

6) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

«20-1-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық меншіктегі объектілерді жекешелендіруден республикалық бюджетке түскен кірістер есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын толықтыру үшін 1 537 777 мың теңге сомасында шығыстар көзделсін.»;

7) 21, 23, 25 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылға арналған резервi 264 293 453 мың теңге сомасында, оның iшiнде арнайы резерв 101 671 852 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

«23-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 668 446 мың теңге көзделсiн.»;

«25-бап. 2016 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 9 305 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;

«27-бап. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi 1 369 497 307 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

8) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

9) көрсетілген Заңға 5-қосымшада:

04 «Білім беру» деген функционалдық топта:

225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:

099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

110 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген кіші бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:

«110 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».

2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

     Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы наурыздың 5-і.

          № 470-V

 

«2016 - 2018 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының

2016 жылғы 5 наурыздағы

№ 470-V ҚРЗ Заңына

1-қосымша

 

«2016 - 2018 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 426-V Заңына 1-қосымша

 

 

2016 жылға арналған республикалық бюджет