«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 467 бұйрығы

 «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 467 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

30 қыркүйектен кейін әзірлік паспортын алуға келіп түскен өтініштер құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады.

Әзірлік паспорты өтінішті берген сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде беріледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы беруді қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ ұйым басшысының қолымен куәландырылады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Мыналар комиссияның әзірлік паспортын беруден бас тартуы үшін негіздеме болып табылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.