(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «II, III ЖӘНЕ IV САНАТТАРДАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕР ҮШІН МЕМЛЕК...

Осы редакция 2019 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.14.11. № 352/6 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 22 мамырдағы

№ 145/5 қаулысымен

бекітілді

 

 

«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2017.14.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

3)www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 301 бұйрығымен бекітілген «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.