«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

 Жеке қорғанудың барлық шаралары сақталған кезде науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

23. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.

24. Медициналық ұйымдар ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

25. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.

26. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

27. Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің медицина қызметкерлері мен студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында осы қаулыға 263-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуге тиіс.

 

2-бөлім. Инфекциялық емес бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлу және олардың жұмыс режимі

28. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.

29. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайға оқшаулауға арналған бөлімшені немесе изоляторды көздеу қажет.

30. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

31. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.

32. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады.

33. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.

34. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек.

35. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.

36. Пациенттердің бөлімшелер арасында (пациентті медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстыру жағдайларын қоспағанда) жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттер бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда маскаларды пайдалануға міндетті.

37. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.

38. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.

39. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.

40. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.

41. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

3-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға бөлу және жұмыс тіртібі

Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.

42. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) сүзгі;

2) изолятор.

43. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.

44. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.

45. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.

46. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.

47. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 14 наурыздағы

№ 12 қаулысына

3-қосымша

 

 

 COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын

пайдалану алгоритмі

 

Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет.

Бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын ЖҚҚ пайдалануға жол беріледі. Пайдаланғаннан кейін бір рет қолданылатын ЖҚҚ кәдеге жаратуға жатады. Әрбір пайдаланудан кейін көп рет қолданылатын ЖҚҚ-ны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес зарарсыздандыру қажет.

ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байдланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.

ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).

 

 1-кесте

 

№2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.

Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.

Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.

Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.

СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).

 

2-кесте

 

 

COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға,

персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар