«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

5.1 экспресс-тест (компоненттер пайдаланылатын жиынтыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін), оның ішінде ампуладағы экстракциялық буфер, үлгіні алуға арналған шыны түтікше, дозатор-қақпақ, стерильді тампондар, штатив;

5.2 секундомер

5.3 жұмыс үстелі

5.4 ашылғаннан кейін экспресс-тест 1 сағат ішінде қолданылады. Экспресс тестілеудің жалған нәтижелерін алуды болдырмау үшін диагностикалық процесті экспресс тест реагенттерінің жиынтығына арналған өндірушінің нұсқаулығына сәйкес үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығы кезінде жүргізген дұрыс.

5.5 SARS CoV2 вирусының антигендеріне иммунохроматографиялық әдіспен экспресстестілеуге арналған реагенттер жиынтығы бөлме температурасында немесе 2-4 °С тоңазытқышта сақталады (реагентті сақтау жөніндегі ұсынымдармен нұсқаулықта танысуға болады). Мұздатып қатыруға болмайды (тесттің жалған теріс нәтижелерін алуды болдырмау үшін)!!!

5.6 егер экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы тоңазытқышта сақталған жағдайда, зерттеу алдында жинақты бөлме температурасында 1 сағат ұстау қажет.

6. Материалды алу және тестті экспресс әдіспен орындау (қолданылатын экспресс-тестке байланысты):

6.1 Биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлерінің) медицина қызметкері жүзеге асырады;

6.2 Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады;

6.3 Жағындылардың үлгілері тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс, оқу, қызмет орны бойынша және т. б.) синтетикалық материалдан жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен (мысалы: полиэстер немесе дакрон) пластикалық стерженмен алынады;

6.4 Биоматериал сынамаларын әрбір алу алдында медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді, алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады;

6.5 Материалды алу алдында медицина қызметкері тестті орындау үшін қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;

6.6 Персонал бетіне мөлдір қорғаныш экранын киюі тиіс, өйткені пациенттің мұрын-жұтқыншағынан сынама алу кезінде рефлекторлық түшкіру немесе жөтел болуы мүмкін;

6.7 Үлгілерді жинау үшін шыны түтікшелерді штативке салыңыз. Сынамаларды алу үшін әрбір шыны түтікшеге экстракциялық буфер қосу (реагенттер жиынтығына нұсқаулықта көрсетілген енгізілетін буфер саны);

6.8 Жиынтықтың құрамына кіретін тампонмен ДДҰ-ның 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тестілеу» уақытша ұсынымдарына сәйкес мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу (тампон үлгісіндегі қан немесе артық шырыш тест өткізуге кедергі келтіруі және валидациясыз нәтижеге әкелуі мүмкін);

6.9 Үлгі бар тампонды алуға арналған шыны түтікшеге салыңыз. Антигенді босату үшін басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына тигізіп, тампонды 10 секунд бұраңыз (сынамалар бар тампондарды жинағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек салыңыз), тампонды экстракция түтігінде 1 минут қалдырыңыз (Ескертпе: егер тез арада тестілеу мүмкін болмаса, мұрын-жұтқыншақтың жағындысын пациент туралы ақпарат, жағынды алу уақыты және тығыз жабылған таза пайдаланылмаған шыны түтікшеге салған дұрыс. Үлгіні алғаннан кейін 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (19-24°С) сақтаңыз. Егер сынама жинау мен экспресс-тестілеу арасындағы кідіріс 1 сағаттан асса, сынама кәдеге жаратылады. Тестілеу үшін қайтадан жаңа үлгі алу керек);

6.10 Мүмкіндігінше сұйықтықты кетіру үшін тампонның басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына басып, тампонды алыңыз. Қолданғаннан кейін тампонды биологиялық қауіпті қалдықтарды жою туралы хаттамаға сәйкес тастаңыз;

6.11 Сынама алуға арналған шыны түтікшеге дозатор-қақпақты орнату;

6.12 Герметикалық қаптамадан сынақ кассетасын алу және оны бір сағат ішінде пайдалану. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, қаптаманы ашқаннан кейін тестті бірден жасаңыз (салқын жерде сақтаған кезде, тест алдында кассетаны бөлме температурасына дейін жеткізіңіз);

6.13 Сынамасы бар шыны түтікшені төңкеріп, зерттелетін сынаманың бірнеше тамшысын (енгізілген тамшылардың саны экспресс-тест жинағына арналған нұсқаулықта белгіленген) S саңылауына қосу;

6.14 Экспресс тестке арналған нұсқаулықта белгіленген инкубация уақытына секундомерді қосу (әртүрлі экспресс тест өндірушілерінің өзіндік белгіленген инкубация уақыты бар).

6.15 Инкубацияны бөлме температурасында жүзеге асыру; Инкубация уақытынан асатын нәтижелерді түсіндіру ұсынылмайды. Түсті сызық пайда болғанша күтіңіз (және).

 

6.16 Нәтижелерді түсіндіру: егер тест дұрыс орындалған болса, нәтижелер терезесінде түрлі-түсті жолақ С қалпында бақылау сызығы түрінде көрсетіледі. Вирус антигені Т қалпында анықталғанда түрлі-түсті жолақ пайда болады.

Оң нәтиже:

Нәтижелер терезесінде 2 көрінетін сызық пайда болады. Т аймағындағы сызық үлгіде SARS-CoV-2 антигенінің бар екенін көрсетеді. Тест сызығы аймағындағы түс қарқындылығы (T) үлгінің құрамындағы антиген мөлшеріне байланысты өзгереді. Сондықтан тест сызығындағы кез келген түс реңін (T) оң нәтиже ретінде қарастыру керек.

Теріс нәтиже:

C бақылау аймағында тек бір түсті сызық пайда болады. T тест сызығы аймағында түрлі-түсті сызық жоқ.

Валидті емес (жарамсыз) нәтиже;

Егер тест аяқталғаннан кейін нәтижелер терезесінде (C) бақылау сызығы көрінбесе, нәтиже жарамсыз болып саналады. Үлгінің жеткіліксіз көлемі, зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі немесе мерзімі өткен тесттер бақылау (С) сызығының пайда болмауының неғұрлым ықтимал себептері болып табылады. Үлгіні жаңа тестпен қайта тестілеу ұсынылады.

Экспресс-тесттің сапасын бақылау.

Тестке процедуралық бақылау қосылады. Бақылау сызығының (C) аймағында пайда болатын сызық – бұл ішкі процедуралық бақылау. Бұл үлгінің жеткілікті көлемін және процедураның дұрыс әдісін растайды.

6.17 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады;

6.18 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т. б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді;

6.19 Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету;

6.20 Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады;

6.21 ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді;

6.22 Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу;

6.23 Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал:

1) тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды;

2) пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу).

3) SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі.

6.24 Теріс нәтиже алған кезде:

1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады;

2) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.

 

ІI. ИФТ әдісімен тестілеу

1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.

2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал – бұл қан сарысуы.

3. Биоматериалдыы алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.

5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы.

6. Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!

7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет.

8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.

10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.

13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т. б.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

 

IІI. ПТР әдісімен тестілеу

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Қазақстан Ренспубликасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес автомобиль өту жолдарымен Мемлекеттік шекараның өткізу пунктері арқылы Қазақстанға келеті азаматтар;

2) жиналу пункттеріне мерзімдік әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімдерге келуі бойынша жас буын (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);

3) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

4) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

5) медициналық ұйымдарда практика басталу алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда).

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар түтікшеге материал жинау жүзеге асырылуы қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

12. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-295/2020 «Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулерді өткіщу сапасын сырттай бақылау ережесі» бұйрықпен бекітілген COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ССБ ережесіне сәйкес жүргізіледі.

13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалыжекелеген жағдайда SARS-Cov2 вирустың циркуляциясы төмен болғанда жалған теріс және жалған оң нәтижелерді алып таустау мақсатында СЭБКД келісімімен ПТР әдісімен үлгілердлі қайта тексеру (ретестілеу) жүргізіледі және жіберілген ұйымға және аумақтық СМЭБКД-іне зерттеу нәтижесі бойынша хабарлайды.

14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

 1. Патогендердің генетикалық өзгергіштігін, олардың таралуы мен шығу тегін мониторингілеу үшін екінші буын секвенирлеу әдісін пайдалану диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық қарсы шаралардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

 2. Вирустың толық геномдық секвенирлеуін жүргізетін зертханалар ведомстволық тиістілігіне қарамастан:

- COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін секвенирлеу нәтижелері туралы ҚР ДСМ хабардар етуі.

 - нуклеотидтер тізбегін GISAID дерекқорына сақтау беру қажет.

 3. ҚДСҰО вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертхана GISAID дерекқоры арқылы SARS CoV-2 вирусының мутациясына мониторинг жүргізуі және ҚР ДСМ-ге есеп беруі қажет.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 14 наурыздағы

№ 12 қаулысына

27-қосымша

 

 

COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі

 

 І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі

1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.

COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

– COVID-19-бен ауыратын науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

– COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);

– ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, кеңеске арналған бөлмеде, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;

– COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

– ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.

 Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 3 тәулік бұрын басталуы және COVID-19-бен ауыратын науқасты оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.

2. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізілмейді. Ауру белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеуге және ПТР-тесттің нәтижелерін алғанға дейін үйде (үй карантині) оқшаулануға жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқас туралы шұғыл хабарлама береді.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантин енгізудің сараланған әдісі қолданылады. 1 инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауруы жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне оқшаулау енгізіледі:

- сыныпқа (топқа) – бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сынып (топ) санының 30% - дан астамында тіркелген кезде;

- ауысымға – бір ауысымдағы сыныптардың 30%-дан астамында тіркелген кезде;

– ағым – колледждерде, жоғары оқу орындарында бір ағымдағы топтардың 30% - дан астамында тіркелген кезде.

Үй карантині аяқталғаннан кейін сабаққа жіберу COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізбестен жүзеге асырылады. Білім алушыларды сабаққа жіберу үшін білім беру ұйымдарына баруға медициналық қарсы көрсетілімінің жоқ екендігі туралы дәрігердің медициналық қорытындысы талап етілмейді.

3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде (ПТР оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына жатады.

10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.

 Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы) сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді.

Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.».

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 14 наурыздағы

№12 қаулысына 28-қосымша

 

 

Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары

 

Үй карантинінің мақсаты – аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

1. Оқшаулануға жататын адамды (байланыс, асимптоматикалық вирус тасымалдаушысы) жеке бөлмеде орналастыру немесе бір бөлмеде бірге тұру мүмкіндігі болады.

2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар.

5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар

1. Үйден шықпау.

2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.

3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.

4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.

5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

 

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Мыналар ұсынылады:

1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.

2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.

3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесіның дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.

4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.

5. Күн сайын ылғалды жинау.

6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.

7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.

8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.

9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 14 наурыздағы

№12 қаулысына

29-қосымша

 

 

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі

 

1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі: