«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

– Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);

– байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);

– жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:

1) өздігінен жүгіну;

2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.

1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:

1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі – СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.

1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.

1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі – АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.

1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі – ҚДСБ) мамандары №3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналықбақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.

1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:

1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.

1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:

1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады,

1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.

1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.

2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

 2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID - 19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.

3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.

4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 32-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.

5. АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.

6. АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.

7. АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді.

8. АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес CОVID-19 Веб-қосымшасына CОVID-19 жағдайының соңы (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.

 

1-кесте

COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі

 

 COVID-19 жағдайының ТАӘ__________________________________________________ оның сәйкестендіру нөмірі его _____________________

ЖСН______________________________

Диагноза қойылған күн_____________________

Бірінші симптомдар пайда болған күн (егер бар болған болса) ______________________

 

1А-кесте

 

«COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі» кестесіне қосымша 1Б-кесте

 

 

2-кесте

Келесі медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны

Жауапты эпидемиологтың ТАӘ және жұмыс орны________________________________

Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым___________________________

Жеткізу күні мен уақыты________________________________________

 

 

 

 

3-кесте

 

 

 

Бақылау қадағалау күнделігі (аурудың симптомдарын көрсету)

 

4-кесте

 COVID-19 жағдайын тіркеу журналы

 

 

Кестенің жалғасы

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 14 наурыздағы

№12 қаулысына

30-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күші жойылған қаулыларының

тізбесі

 

1) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәурдегі № 13 қаулысы;

5) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәурдегі № 17 қаулысы;

6) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 23 қаулысы;

7) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысы;

8) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 30 қаулысы;

9) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысы;

10) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 шілдедегі № 34 қаулысы;

11) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 35 қаулысы;

12) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы;

13) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы;

14) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № 4 қаулысы;

15) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 61 қаулысы;

16) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулысы;

17) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 4 қаулысы.