«Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 111 бұйрығы (күші жойылды)

«Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 111 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымдағы № 106 (28834) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6, 5-7, 5-8, 5-9, 5-10, 5-11, 5-12 және 5-13-тармақтармен толықтырылсын:

«5-1. Электрмен жабдықтау желілерін қоспағанда, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) техникалық шарттарды беру туралы өтініш ұсыну;

2) табиғи монополия субъектісінің өтінішті қоса берілетін құжаттардың толықтығына қарауы;

3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беру туралы тұтынушының өтінішін қарауы;

4) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;

5) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, тұтынушының құрылыс жобасын техникалық шарттарға сәйкес әзірлеуі;

6) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуды қоспағанда, құрылыс жобасын табиғи монополия субъектісімен оның берілген техникалық шарттарға сәйкес келу мәніне келісу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.