Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 6-НҚ және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 51, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 76, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 20 бірлескен нормативтік қаулысы және бұйрығы
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, ҚР Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) туралы ереженің 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҰЙЫРАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары бекітілсін.