«Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 11-1-4/664 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш беруші - жобаны іске асыратын, инвестициялық айқындауға жататын және республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі - әкімдік) жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
2) осы Қағидаларға қоса берілетін 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;