«2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 02 қыркүйектегі № 194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 283 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 02 қыркүйектегі № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29465 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.