«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 30 қазандағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оның құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 30 қазандағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8 тармағына, 36-бабы 3 тармағына, 42-бабының 7-тармағына және 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 11-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;