«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 178/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында:
3-тармақ келесі мазмұнда 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
14-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының архитектурасы - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуын, компоненттері мен элементтерінде іске асырылған іргелі тұжырымдары мен қасиеттерін, олардың бір-бірімен және ортамен, сондай-ақ олардың дамуын анықтайтын принциптерін сипаттау.»;
5-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ ұйымдардың қаражаты есебінен жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.»;
келесі мазмұнда 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын құруды, дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Оператор «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес жүзеге асырады.