«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандарында:
№ 065/е «Профилактикалық егу картасы» нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшамен бекітілген Медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесінде:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«