(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ БЕРЕТІН БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТТЕРІНЕ КЕПІ...

Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 24-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8434 болып тіркелген);

2) «Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9122 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.