«Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты 2025 жылғы 5 маусымдағы № 23/11-VIII шешімі

Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты 2025 жылғы 5 маусымдағы № 23/11-VIII шешімі

 

Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Марқакөл ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күненен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы

М. Калелов

 

Марқакөл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 5 маусымдағы

№ 23/11-VIII шешіміне

қосымша

 

 

Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

 

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Үйлер: жайлы

1 тұрғын

2,70

жайлыемес

2,70

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

2,70

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,48

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,57

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.