Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 262 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 64-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 262 бұйрығына
қосымша
Әлеуметтік қорғау саласындағы
кәсіптік стандарт
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік қорғау саласындағы кәсіптік стандарт біліктілік және құзыреттілік деңгейіне талаптарын, еңбектің мазмұнын, сапасы мен жағдайларын анықтау үшін арналған.
Бұл кәсіптік стандарт білім беру бағдарламарын құруға, оның ішінде кадрларды басқару саласында кәсіпорындарда персоналды оқыту, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау, кең ауқымды міндеттерді шешу үшін мүмкіндік береді.
2. Осы Кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: