2. Төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
3. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.
4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.
5. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысымен арттыру күніне тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.
6. Сот актілері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
182-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады.
Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді.
Кету елінде төлем алынған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
8) өтініш берушінің еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;
2) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;
3) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
7-параграф. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы
183-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алу құқығы
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
4. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
184-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
185-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұруы және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күнаен кейін қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алушының шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактілерінің анықталғаны туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
186-бап. Алушының өзгеруі
Баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру жағдайларын қоспағанда, алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайларда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде оларды алу үшін негіздер сақталған кезде баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға жүргізіледі.
8-параграф. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы
187-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алу құқығы
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.
3. Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді.
Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады.
4. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тек қана бір сотталған адам күтім жасай алады.
5. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.
188-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) күтім жасайтын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Қорғаншылық (қамқоршылық) құқығы қалпына келтірілген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адам бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын берілген сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
6) күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге шығып кетуі;
7) күтім жасайтын адамды немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде қайта басталады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініші;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның Қазақстан Республикасының басқа елді мекеніне немесе оның шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталушының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
4. Күтім жасайтын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамды ауыстыру оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшысымен келісуі бойынша жүзеге асырылады.
14-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
190-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.