«TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 970 Қаулысы

«TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 970 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

АЭА аумағы 3660,1 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 12 қосалқы аймақ: ауданы 21,4 гектар тарихи орталық, ауданы 1164,6 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 379,82 гектар, 35 гектар, 290 гектар, 50 гектар, 584 гектар, 76,3 гектар, 27,48 гектар және 14,5 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.