«Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 392 бұйрығы

«Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 392 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және негізгі орта, жалпы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Экстернат нысанында оқу:

негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:

1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;

3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» деген бағалар алған білім алушыларға;

мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.