(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТ...

Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 498 429 132 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша 53 041 533 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша 2 490 157 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 442 880 442 мың теңге;

2) шығындар 500 847 268 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 10 587 365 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 19 354 279 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 8 766 914 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 75 895 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 75 895 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 13 081 396 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 13 081 396 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 18 306 754 мың теңге;

қарыздарды өтеу 5 225 358 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» коды бойынша түсімдер аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша 100% мөлшерінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалық бюджетке түсетіні белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.