Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2026.04.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық саутау министрінің 2017.01.02. № 7 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.18.12. № 169 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық саутау министрінің 2017.01.02. № 7 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.