Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 361 бұйрығы
(2017.12.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;