(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2014.05.12 № 129 ...

Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы

(2015.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.13.03. № 200 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың жетінші бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі, 138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2014 жылғы 5 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.