(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ, ОРМАН, АҢШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СТАТИСТ...

Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығы

(2021.03.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.03.03. № 7 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Дәнді дақыл түсімділігін зерттеу сауалнамасы» (индексі А-1 (түсімділік), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Түсім жинау алдындағы ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығы мен салмағын зертханалық анықтау бланкісі» (индексі В-1, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Түсімді жинағаннан кейін ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығын және салмағын зертханалық анықтау бланкісі» (индексі В-2, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» (индексі А-008, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.