«Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 123 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

 «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 123 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) құрамында алтын бар шикізат тауарлары - өңделмеген алтын (оның ішінде шлих алтыны, құйма түріндегі лигатуралық алтын (Доре қорытпасы), катодты алтын), мырыш шөгінділері, құрамында алтын бар сынықтар мен қалдықтар, алтын өндіретін кен орындарының кендері мен концентраттары, құрамында ілеспе компонент ретінде алтын бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, құрамында алтын бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шартқа сәйкес Ұлттық Банк клиенттерден сатып алатын аффинирленген алтынға ақы төлеу клиент аффинирленген алтынды жеткізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.