«2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1074 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 642 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1074 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 9-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.