«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығы (2022.02.02. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы

(2022.02.02. берілген өзгерістермен)

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.

 

    № 154

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 154 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы
дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау
ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау тәртібін айқындайды.

 

 

2. Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін уәкілетті органға материалдарды ұсыну тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.