«Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 184 Қаулысы
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17464 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының кіріспесінде «және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 86-2) тармақшасына» деген сөздер алып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: