Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына 2-қосымша) (2020.29.05. берілген толықтырулармен)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.29.05. № 227 бұйрығымен 2-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрінің

2014 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 513 бұйрығына

2-қосымша

 

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды

Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына

орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу

 қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 111-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.