Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 Қаулысы
(2019.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидалары;
2) ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1209 қаулысымен бекітілген
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету,
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер