«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығы

 «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы»;

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.»;

білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары»;

1 және 2 - тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі - ТКОБКБ ұйымдары) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.